Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс
Білім биігінен көрінген шебер ұстаз шебер-педагог Қожахметова Салиха Сұлтанханқызы Түркістанда өткен облыстық іс-шарада "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.

Білім биігінен көрінген шебер ұстаз шебер-педагог Қожахметова Салиха Сұлтанханқызы Түркістанда өткен облыстық іс-шарада "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.

Білім биігінен көрінген шебер ұстаз

Шәкірт жүрегіне жол таба білген, мектебіміздің үздік ұстазы, шебер-педагог Қожахметова Салиха Сұлтанханқызы мұғалімдер күні мерекесіне орай Түркістанда өткен облыстық іс-шарада "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.

Салиха Сұлтанханқызы - өз өмірін сапалы білім берумен қатар бала тәрбиесіне арнаған жан. Ол- тек пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, шәкірт жүрегіне жол таба білген ұлағатты ұстаз.

1987 жылы ұстаздық жолын бастаған Салиха апай 2000-2007 жылдары Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2007-2025 жылдар аралығында осы мектепте мектеп директоры қызметін атқарды.

Басшылық қызметпен қатар пән мұғалімі ретіндеде оқушылары облыстық, республикалық деңгейдегі байқау, конкурстардың , ғылыми жобалардың жүлдегерлерін дайындай білді.

"Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы" дегендей, С.Қожахметова дәріс берген шәкірттері бүгінде республиканың түкпір- түкпірінде білімді де білікті мамандар ретінде қызмет атқаруда.

С.Қожахметова - жас мамандардың жанашыры, бағыт-бағдар берушісі. Ұстаздық жолда тәлімін алған білім ұясындағы шәкірттері де білім саласының майталмандары.

Қожахметова Салиха Сұлтанханқызы білімімен ғана емес, адамгершілігімен де дараланған тұлға. Оның жетістіктері - жас ұрпақ ұшін үлгі - өнеге.

Салиха апай! Кеудеңізге таққан төсбелгіңіз құтты болсын!

Бұл - сіздің қырық жылдық толасыз еңбегіңіздің жемісі. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, педагогикалық қызметіңізге толағай табыстар тілейміз.

Ізгі ниетпен Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің ұжымы.