Тіліңізді таңдаңыз

Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!

1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!
Түркістан облысы Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде 2026-2027 оқу жылында 1 қыркүйек- Білім күні мерекесіне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты салтанатты жиын өтізілді. Жиында мектеп директоры Рысбай Серғазы Тыныштықұлы алғы сөз алып, барша ұстаздар қауымын, ата-аналарды, оқушыларды мерекемен құдықтады. Іс-шараға ардагер ұстаздар мен мектептің ұлағатты ұстаздары, биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, мектеп ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.
2026 жылғы 1 қыркүйек күні Білім күніне орай оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және Конституциялық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
Алғашқы қоңырау мерекесінде1-сынып оқушылары, сынып жетекшісі Ж.Алшынбай «Кел,балалар, оқылық!» ертеңгілігін ұсынды. Мектеп директоры Рысбай Серғазы Тыныштықұлы мен ардагер ұстазымыз Отарова Күмісай апайымыз Әліппе оқулығын 1-сынып оқушыларына табыстады. Алғашқы қоңырау соғу салтанаты 1-сынып мақтаныштарына табысталды.
Іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Налибаева Индира Дүйсенбековна қорытындылап, биылғы оқу жылындағы жол бойындағы қауіпсіздік ережесімен, Ұ.Арғынбеков даңғылы бойында орналастырылған бағдаршаммен жаяу жүргіншілер өту кезінде тетіктер мен қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіріп, ата-аналар мен оқушыларға қосымша қабарлама берілді, мектеп кезекшілері жол бойына және мектеп ғимаратына мұғалімдерден бекітілгендігі айтылып өтті, жаңа оқу жылында мектеп ұжымына толағай табыстар, сәттіліктер тіледі.