Түркістан облысы ,Отырар ауданы ,Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде 5-қазан Тіл мерексіне орай “Тіл-халықтың жаны” тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті.(04.09.2026- 15.09.2026 ж)
Онкүндік барысында сыныптар арасында түрлі іс-шаралар,әдеби-сазды кештер,тәрбие сағаттары жоспарланды.”Сұлу сөздің өрнегі” тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы.
“ Тіл мәртебесі-ел мерейі” тақырыптарында ашық сабақтар.”Әлемге танылған ұлы Абай” тақырыбында эссе жұмыстары,” Өз тілің-бірлік,өзге тілің-тірлік” көркем жазу байқаулары жоспарланды.
Салтанатты ашылу кезінде мектеп басшысы С.Рысбай мен Ғылыми істер жөніндегі орынбасары С.Қожахметова сөз сөйледі.
9- сынып оқушысы Жиенбай Назым жетекшісі И.Нәлібаева “ Ахмет Байтұрсынов -ұлт жанашыры тақырыбындағы ғылыми жұмысы талқыланды.
Пән мұғалімдері И.Пернебекова мен С.Қиястың ұйымдастыруымен ұлттық көрменің таныстырылымы болды.
Мектеп кітапханашысы Исаева Ақботаның ұйымдастыруымен мектеп оқушыдарына бұрыш-кітап көрмесі түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мектеп тәлімгері Г.Абилдаева мен Н.Абдуламиттің ұйымдастыруымен әдеби-сазды бағдарлама ұсынылды.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Л.Әлиасқарова мен ағылшын пән мұғалімі З.Қордабаева ашылу салтанатында түрлі викториналық сұрақтар мен ойындар ұйымдастырды.
Онкүндік барысында халықтың жан -дүниесі болған тілімізді дәріптеп ,құрметтеп ауқымды іс-шаралар жалғасын таба бермек.





