Тіліңізді таңдаңыз

Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Ахмет Байтұрсынұлының 155 жылдығына орай 5-сынып оқушыларымен «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Түркістан облысы Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде кітапханашы Исаева Ақбота ұлт ұстазы, көрнекті ағартушы, ғалым, ақын, жазушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 155 жылдығына орай 5-сынып оқушыларымен «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, қазақ халқының рухани-мәдени өміріндегі орны туралы мағлұмат беру; ақынның еңбектерін насихаттау, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында:
Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, ағартушылық қызметі, ғылыми еңбектері мен әдеби мұрасы туралы ақпарат берілді. Ақынның қазақ әліпбиін қалыптастырудағы және қазақ тіл білімінің дамуына қосқан үлесі таныстырылды. Сонымен қатар шығармаларынан үзінділер оқылып, оқушыларға сұрақтар қойылып, танымдық тапсырмалар орындатылды.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды. Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына қызығушылық білдіріп, ақынның қазақ халқы үшін атқарған еңбегінің маңызын түсінді.
Қорытынды:
Өткізілген танымдық сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтырып, ұлт тарихындағы тұлғаның еңбегімен тереңірек танысты. Іс-шара оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, ұлттық рухты, елжандылықты және ана тілін құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті.