Тіліңізді таңдаңыз

Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері өлкеміздегі ежелгі Отырар төбе тарихи орнына саяхат жасады.

Түркістан облысы Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілеріне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.Тарихи-танымдық экскурсия аясында өз өлкеміздегі ежелгі Отырар төбе тарихи орнына саяхат жасады. Бұл саяхаттың мақсаты – оқушылардың туған өлкенің тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және тарихи мұраларды құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Экскурсия барысында оқушылар көне Отырар қаласының тарихымен танысты. Отырар – Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда, мәдениет және ғылым орталығы болған ежелгі қала. Қала тарихта Фараб атауымен де белгілі және әлемге әйгілі ғалым Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келген өңір ретінде танымал. Саяхат кезінде оқушылар археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен, көне қаланың қорған қабырғаларымен, тұрғын үйлердің орындарымен және тарихи жәдігерлер туралы мәліметтермен танысты. Мамандардың айтуынша, Отырар ғасырлар бойы Орта Азиядағы маңызды мәдени және экономикалық орталықтардың бірі болған.
Экскурсия соңында оқушылар тарихи орынның маңыздылығы туралы пікір алмасып, туған жер тарихын тереңірек тануға мүмкіндік алды. Мұндай танымдық саяхаттар жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастырып, тарихи-мәдени мұраларды қадірлеуге тәрбиелейді.