1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
Түркістан облысы Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылуы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, денсаулығын нығайту және бос уақытын қызықты өткізуге жағдай жасау.
Лагерьдің ашылу салтанатында оқушыларға мерекелік бағдарлама ұсынылып, түрлі ойындар, спорттық жарыстар мен көңілді сайыстар ұйымдастырылды. Балалар көтеріңкі көңіл күймен қатысып, мерекелік шарадан жақсы әсер алды.
Жазғы лагерь жұмысы барысында оқушылар үшін танымдық, мәдени-спорттық және тәрбиелік іс-шаралар өткізілетін болады. Лагерь балалардың қауіпсіз әрі қызықты демалысын қамтамасыз етуге бағытталған.





