Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ә. Байтанаев атындағы негізгі орта мектебімізде оқушылардың психологиялық амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. «СЕНІМДІ ДОС» бағдарламасы мектептің әкімшілік құрамы, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог және педагогтерге таныстырылды.
Бағдарламаның басты мақсаты — балалар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың, эмоционалдық күйзеліс пен жайсыздықтың дабыл белгілерін ерте анықтау және мектеп қызметкерлерінің жедел әрекет ету дағдыларын арттыру.
Кездесу барысында баланың психологиялық жағдайындағы өзгерістерді уақытылы байқау жолдары қарастырылды;
Қауіпті жағдайларда қолданылатын нақты әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді;
Оқушылармен сенімді әрі қолдаушы орта құрудың маңыздылығы талқыланды.
Мектеп ұжымы бағдарлама бойынша белсенді жұмыс жасап, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ортақ жауапкершілікті күшейтуге бір ауыздан дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар білім беру ұйымдағы қауіпсіз, қолайлы және қолдаушы психологиялық ортаны қалыптастыру әр қызметкердің жауапкершілігі атап өтілді. Балалардың эмоционалдық әл-ауқаты мен қауіпсіздігі — біздің басты басымдығымыз!





