Тіліңізді таңдаңыз

Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

08.05.2026ж күні Ұлы Жеңіс мерекесіне орай сынып жетекшілер И.Пернебекова мен Г.Пернебекова 6а,6ә сынып оқушылары арасында «Ерлікке тағзым» атты тағылымды іс-шарасын өтті.

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 08.05.2026ж күні Ұлы Жеңіс мерекесіне орай сынып жетекшілер И.Пернебекова мен Г.Пернебекова 6а,6ә сынып оқушылары арасында «Ерлікке тағзым» атты тағылымды іс-шарасын өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Отан қорғаушылардың ерлігін насихаттау, патриоттық тәрбие беру және елін, жерін сүюге баулу болды.
Іс-шара барысында оқушылар соғыс ардагерлерінің ерлігі туралы мәліметтер айтып, патриоттық әндер шырқап, өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, көріністер қойылып, батыр бабаларымыздың қайсарлығы мен отансүйгіштік қасиеттері кеңінен насихатталды.
Шара барысында қатысушылар ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті. Оқушыларға бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру мақсатында тәрбиелік әңгімелер айтылып, тарихи деректермен таныстырылды.
«Ерлікке тағзым» іс-шарасы оқушылардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттырып, патриоттық рух сыйлаған маңызды тәрбие сағаты болды.