1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ болсын! ![]()
Құрметті Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің ұстаздары, оқушылары, ата-аналар және әріптестер!
1 қыркүйек – Білім күні және жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуы құтты болсын!
Білім күні – тек оқушылар үшін ғана емес, ұстаздар мен ата-аналар үшін де ерекше қуанышты, маңызды мереке. Бұл – үміт пен сенімге, жаңа белестерге бастайтын сәт.
Мектебімізде Алғашқы қоңырау "Мектебім-мейірім мекені"аясында салтанатты жиын ретінде аталып өтті.Іс-шараны мектеп директоры С.Рысбай қатысып,барша ұстаздар мен шәкірттерге жаңа оқу жылымен құттықтап,шығармашылық табыстар тіледі.
Жаңа оқу жылы баршаңызға шабыт пен серпін, жетістік пен жеміс әкелсін! Оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы артып, мұғалімдердің еңбегі елене берсін. Біз бірлесе отырып, білім сапасын арттырып, жарқын болашаққа нық қадам жасаймыз деп сенеміз.





