1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектепте 1–9 сыныптар арасында сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушыларға еліміздегі ұлттар достығы мен татулықтың маңызын түсіндіру, бірлікке, сыйластыққа тәрбиелеу болды.
Барлық сыныптарда мерекеге байланысты бейнероликтер көрсетіліп, ұлттық әндер орындалды. Кейбір сыныптарда шағын көрмелер мен сахналық қойылымдар да ұйымдастырылды.
Қорытынды:
Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың бірлік, достық, татулық туралы түсініктерін кеңейтіп, елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.





