Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

23-сәуір Ұлттық кітап күні

23-сәуір Ұлттық кітап күні

📚📚Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де Ұлттық кітап күніне орай «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік барысында кітапханашы Ж.Дариеваның ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында «Балалар басылымдары – кітапқа бастайтын жол», «Менің сүйікті журналым» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

📚📚Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балаларға арналған газет-журналдармен таныстыру және олардың рухани дамуына ықпал ету болды. Кітапханашы балалар басылымдарының маңыздылығы туралы айтып, түрлі журналдардың мазмұны, ерекшелігі және пайдасы жөнінде түсінік берді.

📚📚Оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай «Балдырған», «Ақжелкен», «Ұлан» сияқты балалар журналдары таныстырылып, олардың тұрақты айдарлары, қызықты тапсырмалары мен танымдық мақалалары көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің сүйікті журналдары туралы айтып, пікірлерімен бөлісті.

📚📚Іс-шара барысында түрлі сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Балалар журналдардан қызықты мәліметтер алып, кітап оқуға деген ынталарын арттырды.

📚📚Аталған шара оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға және рухани дамуына оң әсерін тигізді.

https://www.facebook.com/share/p/1E98hr4xk5/