Тіліңізді таңдаңыз

Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

25.05.2026ж күні «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді.

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де 25.05.2026ж күні «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге құрмет көрсету, олардың ұстаздарына, ата-аналарына және туған мектебіне деген алғысын білдіру, сондай-ақ жас түлектерге ақ жол тілеу болды.
Мерекелік кешке аудандық білім бөлім әдіскері Тәжібай Гүлдана, мекттеп инспекторы ,мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қатысты. Салтанатты жиында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар ұстаздар мен ата-аналарға жүрекжарды лебіздері мен қоса мектеп инспекторы жазғы демалыс қауіпсіздік ережелері мен бітіру кештерінде арнайы шерулер мен банкеттердің болуына қатаң тиым салғанын ескертті.
Биыл 9-сыныпты 11 оқушы тәмамдап отыр. Түлектер мектеппен қоштасып, өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздарына ризашылықтарын жеткізді. Іс-шара барысында ән айтылып, өлеңдер оқылып, естелік сәттер ұйымдастырылды.
Соңында мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілініп, соңғы қоңырау сыңғыры соғылды.