Шәкіртінің жүрегінен жол тапқан ұстаз!
Түркістан облысы Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің ұлағатты ұстаздары Пернебекова Индира Әбдірахмановна мен Бабашова Гулвира Лесбаевна Ұлы ақын,қазақтың бір туар азаматы,дана,ойшыл ғұламаларының бірі Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған Алматы қаласында өткен "Халықаралық Абай оқулары"көркем сөз фестиваліне жас шәкірттерін ақын өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқудан дайындап,байқауға қатыстырды.Мектебімізден көркемсөз фестиваліне 1,5-6 сынып оқушылары:Ержанқызы Айым,Қалдыбай Айару,Жұбайхан Жарас,Әбілда Балым,Ілесбек Көзайым,Әбдіғаппар Айкөркем, Жолдасбек Назерке,Мұратқалиқызы Таңғажайып,Дүйсенбай Керемет,Абдыкадыр Зейнур,Жандарбек Сая,Құнанбай Аймен қатысып 1,2 орын дипломдармен марапатталды.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп ұлы ақын Абай жырлағандай ,ақын мұрасы мәңгілікке ұрпаққа тәлімі мол мұра боп қалмақ.Жас буынға ұлылықтың сырын,даралықтың қандай болуын үғындыра білген бүгінгі таңда Абай шығармашылығының сүйікті оқырмандары,ұлағатты ұстаздарымыз Республикалық "Ақылдым" балалар журналы мен "Ақсұңқар"өнер шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен "Халықаралық Абай оқулары"көркемсөз фестиваліне үздік шәкірттер дайындағаны үшін И.Ә.Пернебекова Республикалық "Мәртебелі мұғалім"төсбелгісімен,Г.Бабашова "Құрмет грамотасымен"марапатталды.Мектеп директоры,көрегенді,жаңашыл басшы С.Рысбай бастаған мектеп ұжымы мен оқушылары жеңімпаз шәкірттеріміз бен ұстаздарды қошеметтеп қарсы алды.





