Тіліңізді таңдаңыз

Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді.

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де 2026 жылдың 13 мамыр күні «Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасы аясында «Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты – ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті түсіндіру, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру,аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
Жиналыс барысында оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі, интернет қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу, буллингтің алдын алу, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу,жолда жүру ережелері және ата-ананың бала өміріндегі рөлі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналарға пайдалы кеңестер беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шараға бастауыш, 5-8 және 9-11 сынып оқушыларының ата-аналары белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Жиналыс соңында ата-аналар бала қауіпсіздігіне бірлесе жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.