Түркістан облысы
Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде "
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында" Мұражай-өлкетану" үйірме жетекшісі М.Мырзагелдиева 6-7 сынып оқушыларымен Әл Фараби атындағы Отырар археологиялық қорық-мұражайына экскурсияға шықты.
Экскурсияның мақсаты – оқушылардың тарихи білімін тереңдету, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және мәдени тәрбие беру.
Экскурсия барысында оқушылар мұражай қызметкерінің жетекшілігімен түрлі залдарды аралады. Олар Қазақстан тарихына қатысты көне жәдігерлермен, археологиялық олжалармен, ұлттық киімдермен, тұрмыстық бұйымдармен және тарихи тұлғаларға арналған деректермен танысты. Әсіресе батырлар мен билерге, қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты экспонаттар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Мұражай қызметкері әрбір экспонаттың шығу тарихын, маңызын түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті. Экскурсия соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, мұражайға барудың танымдық маңызы зор екенін айтты.
Бұл іс-шара оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, тарихқа, мәдени мұраға деген құрметін арттырды. Мұражайға бару оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы болды.
# Оқу ағарту министрлігі
#Оқуға құштар мектеп
# Мектеп кітапхансы Балалар кітапханасы
#Қыста оқы, ойлан, арманда





