Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Адал азамат

*Түркістан облысы Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде "Адал азамат "біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында каникул кезіндегі спорттық ойындардың маңызын арттыруда оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуде Волейбол үйірме жетекшісі А.Әріпбеков оқушылар арасында Волейболдан жарыс ұйымдастырды. Өйткені спорттық ойындар балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, белсенді өмір салтын қалыптастыруға көмектеседі. Адам денсаулығына пайдасына келсек,

қимыл-қозғалыс арқылы иммунитет артады, қан айналымы жақсарды.

Уақытты тиімді өткізуге көмектеседі:

– Компьютер мен телефонда ұзақ отырудың алдын алады.

– Балалар бос уақытын пайдалы әрекетпен өткізуде пайдасы орасан зор. Тәртіп пен жауапкершілігі артады.

Қысқы демалыс кезіндегі спорттық ойындар – тек дене белсенділігі емес, сонымен қатар баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды құрал болмақ.

https://www.facebook.com/share/p/17LeYcySyw/