Түрістан облысы отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде 27.01.2026ж күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Таңғы жаттығу ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Оқушылардың денсаулығын нығайту, дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, күнді сергектікпен бастап, сабаққа деген зейінін көтеру.
Осы мақсатта мектепте таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Таңғы жаттығуға оқушылар белсене қатысып, жаттығу қимылдарын дұрыс орындады. Жаттығулар кешені жалпы дамыту, созылу және тыныс алу жаттығуларынан тұрды.
Таңғы жаттығу оқушылардың көңіл күйін көтеріп, бой сергітуіне, сабаққа дайындық деңгейін арттыруға оң әсерін тигізді. Іс-шара қауіпсіздік ережелері сақтала отырып өткізілді.





