Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім алушылардың психологиялық саулығын нығайту және суицидтің алдын алу мақсатында мектеп психологі А.Жаргобенованың ұйымдастыруымен арнайы тренинг өткізілді.
Тренингтің негізгі мақсаты – оқушыларға өмірдің құндылығын түсіндіру, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету және эмоционалдық күйзелістерді жеңу жолдарын көрсету болды.
Іс-шара барысында психолог қатысушылармен сенімді қарым-қатынас орнатып, ашық пікір алмасу алаңын құрды. Тренингте «Менің өмірімнің мәні», «Қиындықты қалай жеңемін?», «Жақсы көңіл күй формуласы» сияқты жаттығулар мен топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығын түсінді.
Сонымен қатар, тренинг барысында күйзеліс, уайым, жалғыздық сияқты сезімдер туралы түсінік беріліп, оларды жеңудің тиімді тәсілдері (демалу жаттығулары, сенімді адаммен сөйлесу, хоббимен айналысу) ұсынылды. Психолог әрбір адамның өмірі бағалы екенін атап өтіп, кез келген қиындықтың шешімі бар екенін түсіндірді.
Тренинг соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай кездесулердің пайдалы әрі маңызды екенін жеткізді. Аталған іс-шара жасөспірімдердің психологиялық тұрақтылығын арттырып, өз-өзіне деген сенімін нығайтуға оң ықпал етті.





