«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «ДосболLIKE: достық қолын ұсын!» республикалық акциясы шеңберінде “Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы А.Жаргобенова мен сынып жетекшісі Э.Тулбасиеваның ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында достық аясында шығармашылық қабілетін дамыту, өзара достық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Достық қолыңды ұсын!» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар берілген тапсырмаларды орындауда бір-біріне қолдау көрсетіп, ситуациялық сұрақтарды сахналық қойылымдар арқылы көрсетіп,ортақ істе бірлесе жұмыс жасау арқылы достықтың, ұйымшылдықтың және еңбексүйгіштіктің мәнін терең түсінді.Адами құндылыққа тәрбиелеуде,қарым-қатынас мәдениетін дамытуда іс-шараның маңызы зор болды.
https://www.facebook.com/share/p/1ASaNk7xwS/





