Түркістан облысы Отырар ауданы «Ә. Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
2026 жылдың 13 сәуір күні 7-9 сынып оқушылар арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен түнгі рейдтің кезіндегі бос сенделмеу және табиғат аясындағы қауіпсіздіктің алдын алу профилактикасы» тақырыбында мектеп оқушыларымен жиналыс өткізілді.
Жиналысқа АПБ – нің ЮПТ – нің инспекторы полиция лейтенанты Сержан М мектеп директорының тәрбие орынбасары у.м.а Е. Нысанбаев, мектеп психологы А.Жаркөбенова, сынып жетекшілер қатысты.
Қатысқан оқушылар саны: 34
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Отырар АІІБ – нің ЮПТ – нің инспекторы полиция лейтенанты Сержан М «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен түнгі рейдтің кезіндегі бос сенделмеу және табиғат аясындағы қауіпсіздіктің алдын алу профилактикасы»» тақырыбында баяндама жасады. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен түнгі рейд, табиғат аясындағы қауіпсіздіктің алдын алу профилактикасы» жөнінде оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.





