Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

"ДРОП" фильмі көрсетілді.

"ДРОП" фильмі көрсетілді.

🏫 Түркістан облысы, Отырар ауданы

“Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп” КММ-де 6-9 сынып оқушыларына «Хулиганка», "Закладки", "Закладчики мать" атты құқықбұзушылыққа байланысты деректі фильмдері көрсетілді.

✅Аталған бейнематериалдарда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, буллинг, жауапкершілік, таңдау еркіндігі мен оның салдары сияқты өзекті мәселелер қозғалды. Фильмдерді тамашалағаннан кейін оқушылар өз ойларымен бөлісіп, өмірлік жағдайларды талқылап, дұрыс пен бұрысты ажырата білу, заңға бағынудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

🔷Шараның басты мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпке құрмет сезімін қалыптастыру, қоғамдағы әрбір әрекет үшін жауапкершілік бар екенін түсіндіру. Осындай тәрбиелік бағыттағы кездесулер оқушылардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

#АдалАзамат

#ЗаңжәнеТәртіп

#ТәрбиеСағаты

#ҚұқықтықСана

https://www.facebook.com/share/p/1J8fBvEnSA/