Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай 4-сынып жетекшісі Ж.Алшынбай 4-сынып оқушыларымен «Алғыс эстафетасы» атты челлендж ұйымдастырды.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында ризашылық, сыйластық, құрмет сезімдерін қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, сондай-ақ мектеп ұжымында жағымды психологиялық ахуал орнату.
Челлендж барысында оқушылар, мұғалімдер және мектеп қызметкерлері бір-біріне алғыс білдіріп, жылы лебіздерін жолдады. Әр сынып өз алғысын бейнеролик, ашық хат, постер және сахналық көрініс арқылы жеткізді. Эстафета сыныптан сыныпқа жолданып, барлық білім алушылар қамтылды.
Шара барысында оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына, достарына, сондай-ақ мектептің техникалық қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылық мәдениетін насихаттады. Челлендж әлеуметтік желі парақшаларында жарияланып, көпшілік тарапынан қолдау тапты.
«Алғыс эстафетасы» челленджі оқушылардың адамгершілік құндылықтарын арттыруға, өзара сыйластық пен бірлікті нығайтуға оң әсерін тигізді.





