Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Алтын күз" мерекесі аталып өтті. Алтын күз мерекесі - күз мезгілінің берекесін, табиғаттың сұлулығын, молшылықты дәріптейтін дәстүрлі мерекелік іс-шара.
Мақсаты — оқушыларға күздің ерекшелігін таныту, еңбекке баулу, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Аяулы күз,алтын күз мектепішілік ісшарасына 7-9 сыныптар арасынан 4 жұп қатысты. Қатысушылар:
1. Өзін-өзі таныстыру
2. Өнерлерін көрсету
3. Күзгі ойындар
4. Қолөнер, ас мәзірі
5. Күзгі киім сән үлгісі осындай 5 түрлі тапсырмаларды орындай отырып,бас жүлде "Күз ханшайымы","Күз ханзадасы" номинацияларымен және 1,2,3 орындармен марапатталды.





