Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ана-өмір шуағы»

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ де "Ұлағат" сынып жетекші бірлестігінің "Тәрбие негізіндегі ұлттық құндылық және жасанды интеллект" тақырыбындағы онкүндіктің жоспарына сай "Шабыт" жобасы аясында 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде сынып жетекші Г.Пернебекованың ұйымдастыруымен 6ә-сынып оқушылары арасында «Ана-өмір шуағы» атты мерекелік іс-шара өтілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ананың отбасы мен қоғамдағы қадір-қасиетін түсіндіру, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушылар аналарға арналған өлеңдер оқып, ән айтып, көріністер қойды. Сонымен қатар анаға деген жылы лебіздері мен алғыс сөздерін білдіріп, мерекелік құттықтауларын жолдады. Шара өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор болды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, аналарға қуаныш сыйлады.

Мерекелік іс-шара соңында аналарға құрмет көрсетіліп, жақсы тілектер айтылды. Осындай тәрбиелік мәні бар шаралар оқушылардың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

https://www.facebook.com/share/p/18LpBt9XQ4/