Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ де "Ұлағат" сынып жетекші бірлестігінің "Тәрбие негізіндегі ұлттық құндылық және жасанды интеллект" тақырыбындағы онкүндіктің жоспарына сай "Шабыт" жобасы аясында 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде сынып жетекші Л.Тұрапбайдың ұйымдастыруымен 5-сынып оқушылары арасында «Анаға тағзым» атты мерекелік іс-шара өтілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың анаға деген құрметін арттыру, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу, ананың қоғамдағы және отбасындағы рөлін насихаттау.
Мерекелік кеш барысында оқушылар аналарына арналған жүрекжарды тілектерін білдіріп, ана туралы өлең шумақтары оқылды. Оқушылар ән шырқап, би билеп, аналарға арналған көріністер қойды.
Іс-шара барысында аналарға арнап түрлі ойындар ұйымдастырылып, балалар өз қолдарымен дайындаған сыйлықтары мен гүл шоқтарын табыстады. Мерекелік кеш әсерлі сәттерге толы болып, аналар мен ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.





