Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Aрдагер ұстаздарға арнайы құрмет көрсетілді.

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектебіміздің Бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ардагер ұстаздарға арнайы құрмет көрсетілді.

🌷Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері ардагер ұстаздардың үйлеріне барып, мерекелік тілектерін білдіріп, сыйлықтар табыстады. Ұстаздық жолында ұзақ жылдар еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиелеген ардагер ұстаздарға алғыс айтып, олардың еңбектері әрдайым құрметке лайық екені атап өтілді.

Ардагер ұстаздар да көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

🌷Бұл шараның басты мақсаты – ардагер ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін дәріптеу және жас ұрпаққа үлгі ету болып табылады.

Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

https://www.facebook.com/share/p/1B8SmoTE57/