Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Асыл әжем

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә. Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Балдәурен"бастауыш сынып бірлестігінің

"Құндылыққа негізделген білім беру мен жасанды интеллект: бастауыш сыныпта" атты онкүндік барысында даярлық сынып мұғалімі Айменова Клара даярлық сынып оқушылары мен әжелерімен

"Асыл әжем" тақырыбында сайыс өткізді.

Мақсаты:

– Әжелердің даналығы мен өмірлік тәжірибесін үлгі ету

– Ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты дәріптеу

– Ұрпақтар сабақтастығын нығайту

– Үлкенге құрмет, кішіге ізет тәрбиелеу

Бұл сайыс арқылы балалар әжелердің ақыл-кеңесін, өнегелі сөздерін тыңдап, ұлттық дәстүрлермен жақынырақ танысты.Сайысқа Алтын әже, Бибіхан әже, Сәуле әже,Райхан әжеміз қатысты. Әжелеріміз немерелеріне ертегілер айтып берді. Әжелердің еңбегі мен тәрбиелік үлесі құрметтелді. Сайысқа қатысқан әжелер мен немерелері марапатталды. Сайыс жоғары деңгейде өтті.

https://www.facebook.com/share/v/19vHgqGoNB/