Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Балалар кімге алғыс айтады» атты акция

«Балалар кімге алғыс айтады» атты акция

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 наурыз – еліміздегі ерекше мерекелердің бірі – Алғыс айту күніне орай мектеп тәлімгері Г.Абилдаеваның бастамасымен Өзін-өзі басқару ұйымы мектепте «Балалар кімге алғыс айтады» атты акция ұйымдастырды.

Мақсаты:

– Оқушылардың бойында мейірімділік, адамгершілік, сыйластық қасиеттерін қалыптастыру;

– Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу;

– Ризашылық білдіру мәдениетін дамыту;

– Достық пен бірлікті нығайту.

Акция аясында оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына, достарына, мектеп қызметкерлеріне алғыс сөздерін айтып, бейнежазба түсірді. Кейбір сыныптар «Алғыс хат» жазып, арнайы қабырғаға ілді.

Шара соңында қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.

Оқушыларға ризашылықтың маңызын түсіндіріп, мектеп ұжымында достық қарым-қатынасты арттыруға ықпал етті. Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына оң әсерін тигізеді.

https://www.facebook.com/share/v/1XfhxirgqY/