Түркістан облысы
Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде кітапханашы Г.Умбетова апайымыздың ұйымдастыруымен" Балалар кітапханасы" жобасы аясында Бауыржан Момышұлының туылғанына 115 жыл толуына " Бауыржан Момышұлының өшпес ерлігі" тақырыбында 7 а сынып оқушыларымен және сынып жетекші М.Мырзагелдиева танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды ержүрек батыр Б.Момышұлының ерлігін, шығармаларын таныстыру, ерлікке, рухшылдыққа баулу. Оқырмандарымыз Бауыржан Момышұлы өмірімен таныса отырып, нақыл сөздерін айтып өтті.Кітапханашы кітап көрмесімен таныстырды.Бауыржан Момышұлын жан - жақты таныдық.Б.Момышұлы өзі айтқандай "Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты" оның есімі мәңгі жүрегімізде сақталады.





