Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу.

Буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу.

Түркістан облысы Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде Адал азмат"біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Әділдік және жауапкершілік құндылығы негізінде Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары И.Налибаева мен мектеп психологі А.Жаргөбенованың ұйымдастыруымен 7-9 сынып оқушыларымен жиналыс өткізіліп,буллинг,әлімжеттік,қорлау,зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жиын барысында Түркістан облысына қарасты мектептер арасында орын алып жатқан буллинг,әлімжеттіктің соңы үлкен қылмысқа орын әкелгендігі туралы видеороликтер көрсетілді. Құқықтық жауапкершілікті арттыруда ұрып-соғу,қорлау фактілеріне мүлдем жол берілмейтіндігі ескертілді. И.Налибаева жиын соңында жалпы оқушыларды бауырмалдыққа,адал достыққа,адал азамат болып қалыптасуға шақырды.

https://www.facebook.com/share/r/1J3sZFTGh2/