Түркістан облысы, Отырар ауданы "Ә. Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 6ә-сынып жетекшісі Г.Пернебекова «ДосболLike» «Буллингтен қорған!» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне құрметпен қарауға, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қазіргі заманның өмір талабына байланысты көптеген ата ана балаларын қайтсем бағамын деген мақсатпен олардың тәрбиесіне көңілдерін аз бөлуде. Осыған байланысты қиын баланың шығуы мүмкін.Буллинг-басқа оқушылар мен мұғалімдер тарапынан оқушыға қатысты мектептегі зорлық-зомбылық, қорлау және кемсіту. Бұл агрессияның жүйелі көрінісі және зиян келтіру. Буллинг жасөспірімдер ортасында жиі кездеседі.
БУЛЛИНГ ТҮРЛЕРІ
1.Ауызша буллинг. Бұл дегеніміз не: бұл тұрақты қорлау, қорқыту және қандайда бір (сыртқы түрі, діні, этникалық қатыстылығы, мүгедектігі, киім стилінің ерекшеліктері және т.б. туралы) Дәлелсіз пікірлерді қамтитын қатыгез сөздер арқылы қорқыту немесе қорқыту.
2.Физикалық буллинг - агрессивті физикалық көңіл-күймен қорқыту немесе буллинг бірнеше рет қайталанатын соққыларда, пинкаларда, табандыларда, бұғаттауда, итеруде және жанасуда қажетсіз және жарамсыз.
3.Әлеуметтік буллинг. Бұл дегеніміз не: әлеуметтік қорқыту немесе оқшаулау тактикасын қолдана отырып буллинг біреуді тамақтану үстеліндегі трапеза болсын, ойын, спортпен шұғылдану немесе қоғамдық іс-әрекет болсын топтың жұмысына әдейі қатысуға жібермейді деп болжайды
Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Қазақта «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.«Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген дана сөз бар.





