Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жастар арасында діни сауаттылықты арттыру

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026жылдың 27 қаңтары күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жастар арасында діни сауаттылықты арттыру" тақырыбында 5-9 сынып оқушыларының жалпы жиналысы болып өтті. Жиналысқа Ынталы ауылы "Баянбай ата" мешітінің бас иманы О.Әбилатиұлы , мектеп директоры С.Тыныштықұлы және мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Дуйсенбековна, 5-9 сынып білім алушылары қатысты.

Мақсаты:

Жастардың діни сауаттылығын арттыру, радикалды және экстремистік ағымдардың қауіптілігін түсіндіру, теріс діни идеологиядан сақтандыру, толеранттылық пен зайырлы қоғам құндылықтарын қалыптастыру.

Аталған мақсатта жастар арасында түсіндіру-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін зияны, олардың алдын алу жолдары және діннің шынайы гуманистік құндылықтары туралы ақпарат берілді.

Жиналыс барысында жастарға діни ақпаратты дұрыс дереккөздерден алу, күмәнді діни ағымдардан сақ болу, заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сұрақ-жауап арқылы қатысушылардың тақырыпқа деген қызығушылығы артты.

Іс-шара жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттырып, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталды.

https://www.facebook.com/share/p/189HxvgHxC/