Түркістан облысы Отырар ауданы “Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 10 ақпан Халықаралық қауіпсіз интернет күніне орай мектебіміздің АКТ орынбасары Е.Нысанбаев Педагог кадрлар арасында интернет қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында жиналыс өтті.
Мақсаты мұғалімдердің интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін жетілдіру, оқушыларды киберқауіптен қорғау жолдарын талқылау және цифрлық мәдениетті қалыптастыру.
Жиналыс барысында интернеттегі қауіп-қатер түрлері (кибербуллинг, фишинг, жалған ақпарат, зиянды сайттар, әлеуметтік желідегі қауіптер) туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, оқушылардың жеке деректерін қорғау, құпиясөз қауіпсіздігі, ата-аналармен бірлескен жұмыс жүргізу мәселелері қарастырылды.





