«ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚ » ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТТІ
Түркістан облысы,Отырар ауданы білім бөліміне қарасты Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде «Әділдік және жауапкершілік» құндылығы аясында «Интернеттік қаржылық алаяқтық және » тақырыбында жиналыс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мұғалімдер мен кіші қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және қоғамда жиі кездесетін алаяқтық түрлерінің алдын алу болып табылады.
Мектеп директоры Рысбай Серғазы Тыныштықұлы мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге заманауи қоғамда белең алып келе жатқан интернеттік алаяқтық мәселесі мен оның адам өміріне тигізер зияны туралы жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Налибаева Индира Дүйсенбекқызы қаржылық алаяқтықтың түрлі әдістері, интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық түрлері, сонымен күресу жолдары мен сақтық шаралары жөнінде пайдалы мәліметтермен бөлісті.
Жиналыс барысында өмірлік мысалдар арқылы қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, әрбір ұжым мүшелері өз құқықтары мен міндеттерін білуі тиістігін атап өтті.





