Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Қауіпсіз балалық шақ»

Түркістан облысының прокуратурасы «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында мектеп оқушылары мен ата-аналарға арналған ашық форматтағы онлайн-кездесу өткізді.

Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің директоры С.Рысбай ,мектеп әкімшілік құрамы, 7-8-9 сынып оқушылар және ата-аналар, сынып жетекшілері "Қауіпсіз балалық шақ"концепциясы аясындағы онлайн форматтағы жиынға қатысты.

Облыс прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов өңірдегі балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, оқушылар мен ата-аналар көтерген мәселелерді талқылады.

🔹 Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру

🔹 Интернеттегі қауіпсіздік

🔹 Зорлық-зомбылықтың алдын алу

🔹 Мектеп пен көшедегі тәртіп

🔹 Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу сияқты тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.

https://www.facebook.com/share/p/1Riku7EQVY/