Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық жауаптылық, ерте жүктілік, буллинг, кибербуллинг, вандализм, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алу, оқушылардың су, өрт, жол қауіпсіздігінің алдын алу, суицид, зорлық-зомбылық, нашақорлық пен лудомония іс-әрекетінің профилактикасы аясында "Қауіпсіз балалық шақ"тақырыбында Отырар АПБ-і ҚҚБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Мерей Сержан, Отырар АПБ-і ҚҚБ УПИ полиция капитаны Зәуірбек Нұрдәулет Қайратұлы, Отырар АПБ-і ҚПБ жедел уәкілі, полиция лейтенанты Сапаров Ердәулет Сейфуллаұлының қатысуымен 5-9 сынып оқушылар арасында бірлескен жиналыс өтті. Жиынды мектеп директоры С.Рысбай ашып, бүгінгі күн тәртібімен таныстырды. Отырар АПБ-і ҚҚБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты М.Сержан жасы кәмелетке толмағандарға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы, қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары И.Налибаева профилактикалық іс-шараның мақсаты білім беру мекемелерінде зорлық зомбылықты болдырмау екендігін және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігі жөнінде түсіндіріп, оқушыларды ынтымақтастық пен татулыққа шақырды. "Тәртіпке бағынған құл болмайды" деп жиынды Бауыржан Момышұлының қанатты сөзімен аяқтады.





