Отырар аудандық сайлау үйінің іс-жоспарына сәйкес Ынталы ауылы №513 сайлау үйінің төреағасы Ә.Әкімханұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» тақырып бойынша мектебімізде 8-9 сынып оқушырарымен сайлау туралы түсіндірме жұмыстарын жасап, баяндама оқыды. Іс-шара барысында оқушыларға сайлаудың маңыздылығын, сайлауға бейжай қарамау, өз құқығыңды пайдаланып және елге жауапкершілікпен қарау керек екенін түсіндірді.
Іс-шараның мақсаты:
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
Сайлау жүйесі мен демократиялық құндылықтарды түсіндіру;
Оқушылардың азаматтық позициясын қалыптастыру.
Сабақ барысында жоғары сынып оқушылары сұрақтар қойып, өз жауаптарын алды. Еркін форматта өткен іс-шарада оқушылар саяси науқанның әділ әрі ашық өтуінің маңыздылығын талқылады.
Біздің оқушылар еліміздің ертеңгі саналы, жас сайлаушылары!





