Түркістан облысы, Отырар ауданы "Ә. Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26.01.2026 ж күні бастауыш сынып бірлестігінің"Құндылыққа негізделген білім беру мен жасанды интеллект: бастауыш сыныпта" атты онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті.
Мақсаты: Бастауыш сыныпта құндылықтарға негізделген білім беруді жасанды интеллект құралдарымен тиімді ұштастыра отырып, оқыту процесінің сапасын арттыру және оқушылардың адами, рухани-мәдени дамуына жағдай жасау. Шара барысында мұғалімдер мен және оқушылармен "Мақалдың жалғасын тап","Жұмбақ шеше білейік","Асық" ұлттық ойындар ойнатылып,өлең оқылып,ән айтылды. Бастауыш сынып бірлестігіне онкүндік барысында өткізілетін ашық сабақтар,іс- шаралар жоғары деңгейде өтеді деп сенеміз,сәттілік тілейміз





