Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Қош келдің, Әз-Наурыз!»

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға халқымыздың бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін дәріптеу, Наурыз мейрамының маңызын түсіндіру және ұлттық құндылықтарды насихаттау болды.

Мерекелік шара барысында оқушылар ұлттық киімдер киіп, қазақтың әдет-ғұрыптарын сахналық көріністер арқылы көрсетті. Атап айтқанда, «Шашу шашу», «Бата беру», "Қыз ұзату", «Бетешар» сияқты дәстүрлер көрініс тапты. Сонымен қатар, оқушылар Наурызға арналған әндер айтып, билер билеп, тақпақтар орындап, өз өнерлерін ортаға салды.

Іс-шара барысында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде болды.

Бұл іс-шара оқушылардың ұлттық рухын көтеріп, ата-баба дәстүріне деген құрметін арттыра түсті.

https://www.facebook.com/share/p/18cmvgZetp/