Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс
 "Көркем жазу" үйірмесі

"Көркем жазу" үйірмесі

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Көркем жазу" үйірмесінің жетекшісі Искакова Гульжан Аралбайқызы 1-2 сынып оқушыларымен "Қатаң дауыссыз дыбыстар Шш және Щщ" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: – Ш және Щ қатаң дауыссыз дыбыстарының айтылуы мен жазылуын меңгерту;

– Әдемі, көркем, таза жазуға үйрету;

– Ұқыптылық, шыдамдылық, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақта оқушылар Ш және Щ қатаң дауыссыз дыбыстарымен танысып, олардың айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін үйренді. Сабақ түрлі тиімді әдіс-тәсілдер арқылы қызықты өтті.

Сабақта қолданылған әдістер:

– «Көңіл-күйді тексеру»

– «Шаттық шеңбері»

– «Бақа» ойыны

– Дыбыстық талдау

– «Ойлан, тап»

– «Жатқа жаз»

– «Ішіне/сыртына»

– «Әріпті қорша»

– Саусақ моторикасы жаттығулары

– Сергіту жаттығуы

– Кері байланыс

Оқушылар Ш және Щ әріптерін ауада, кейін дәптерде көркем етіп жазды. «Ащы», «тұщы», «ашшы» сөздері арқылы дыбыстардың айырмашылығын түсінді. Интерактивті тапсырмалар, өлең оқу, талдау жұмыстары арқылы сабақ мазмұнды әрі белсенді болды.

Сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушылар жаңа дыбыстарды дұрыс жазып, сенімді қолдануды меңгерді. Сабақ өз мақсатына жетті.

 

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0i2eRxXEGbmYw8R2wtWFqaYshMNFs9Vw6axHC1apGtYtfvKTNHrbEhNobXbHFsTWxl&id=100055347323751