Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ де "Ұлағат" сынып жетекші бірлестігінің "Тәрбие негізіндегі ұлттық құндылық және жасанды интеллект" тақырыбындағы онкүндіктің жоспарына сай "Шабыт" жобасы аясында 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай бастауыш сынып оқушылары арасында «Қыз өссе – елдің көркі» атты қыз сыны байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қыз балаларды әдептілікке, инабаттылыққа, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, олардың өнері мен білімін, тапқырлығы мен шеберлігін таныту.
Байқау барысында қатысушы қыздар бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, «Таныстыру», «Өнер көрсету», «Сұрақ-жауап», «Шебер қолдар», "Сән үлгісі" сияқты кезеңдерде өздерінің білімдерін, өнерлерін және тапқырлықтарын көрсетті.
Қатысушылар ән айтып, өлең оқып, би билеп, ұлттық дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз өнерлерін ортаға салды.
Сайыс өте қызықты әрі тартымды өтті. Әділқазылар алқасы әр қатысушының өнері мен белсенділігін бағалап, үздік қатысушыларды марапаттады.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, мақтау қағаздары табысталды.
Бұл байқау қыз балалардың бойындағы әдептілік, сұлулық, өнер мен білімді дәріптеуге бағытталған тәрбиелік маңызы зор шара болды. ![]()





