Ұлттық құндылықтарды дәріптеген тағылымды кино көрсетілімі
Түркістан облысы Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес Наурыз айындағы онкүндік аясында Отырар ауданында оқушылар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған мәдени іс-шара өтті.
Іс-шара барысында
«Міржақып.Оян қазақ!»
"Біржан сал"
"Батыр Баян"
"Жерұйық"
"Ахмет. Ұлт ұстазы" фильмдері ұсынылды.
Бұл туындылар жас көрермендерді ерлікке, жауапкершілікке, тәртіп пен қауіпсіздікті бағалауға тәрбиелейді.





