Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Ұлттық ойын-асық ату

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Балдәурен"бастауыш сынып бірлестігінің

"Құндылыққа негізделген білім беру мен жасанды интеллект: бастауыш сыныпта" атты онкүндік барысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.Сарсенбаев

3 сынып оқушыларымен "Ұлттық ойын-асық ату" тақырыбында сайыс өткізді.

Мақсаты:

– Оқушыларды ұлттық ойын түрі – асық ату ойынымен таныстыру;

– Ұлттық салт-дәстүрге, мәдени мұраға қызығушылығын арттыру;

– Ептілікке, дәлдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сайыс 3- кезең бойынша жүргізілді

1-кезең: «Дәл тигіз»

– Әр ойыншы 3 рет сақамен атады

– Әр тигізген асық – 1 ұпай

2-кезең: «Алшы түсір»

– Асық қалай түссе де, алшы түскені ғана есептеледі

– Алшы – 2 ұпай

3-кезең: «Мерген топ»

– Топ болып кезекпен атады.

Сайыс қызық әрі тартысты өтті. Жеңіске жеткен оқушылар марапатталды.

https://www.facebook.com/share/p/1F14pmQP9A/