Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ

ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де Ұлттық спорт күніне орай оқушылар арасында ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында мазмұнды әрі тартымды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін таныстыру, салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың ептілік, шапшаңдық, күш-қуат қасиеттерін дамыту болды.

Шара барысында оқушылар «Арқан тарту», «Асық ату», «Қол күрес», «Тоғызқұмалақ» сынды ұлттық ойын түрлері бойынша өз бақтарын сынады. Әр ойын кезеңінде қатысушылар белсенділік танытып, өзара достық қарым-қатынаста жарысқа түсті.

Іс-шара барысында ұлттық спорттың маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ата-бабамыздан келе жатқан ойындардың тәрбиелік мәні кеңінен насихатталды. Оқушылар ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырып, спортқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

https://www.facebook.com/share/p/1FgkHvxMp6/