Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Мектеп формасын сақтамаған оқушыға шара қолдану дұрыс па?

Түркістан облысы, Отырар ауданы "Ә. Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ұшқыр ой алаңы" дебат үйірмесінің жетекшісі Н. Абдуламиттің ұйымдастыруымен "Заң мен тәртіп" жобасы аясында «Мектеп формасын сақтамаған оқушыға шара қолдану дұрыс па? » тақырыбында дебат ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушылардың мектеп формасын сақтау мәселесіне қатысты көзқарастарын анықтау, тәртіп пен жеке еркіндік арасындағы тепе-теңдікті талқылау, өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білу дағдыларын дамыту. Сонымен қатар оқушыларды жауапкершілікке, сыни ойлауға және қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелеу.

Аталған тақырыпта өткен дебат барысында оқушылар "Үздіктер" (үкімет) және "Ғылым"(оппозиция) тобы болып екіге бөлініп, өз ұстанымдарын қорғады. Қолдаушы топ мектеп формасы оқушылар арасында теңдікті қамтамасыз етіп, тәртіп пен жинақылыққа үйрететінін атап өтті. Ал қарсы тарап оқушының жеке тұлға ретінде өзін еркін сезінуі маңызды екенін, тәртіп бұзғаны үшін қатаң шара қолдану кері әсер етуі мүмкін екенін дәлелдермен жеткізді.

Пікірталас барысында нақты мысалдар келтіріліп, сұрақ-жауап алмасу арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейді. Дебат соңында қатысушылар ортақ шешімге келудің маңызын түсініп, тәртіп пен түсіністік қатар жүруі керектігі жөнінде қорытынды жасалды.

https://www.facebook.com/share/p/1FsF85rbhx/