Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Менің шағын Отаным" республикалық интеллектуалдық конкурсының "Менің өлкемнің символдары" бағыты бойынша ІІІ-орынды

Астана төрінде туған жердің тарихын тербеткен ұстаз!

Әбіш Байтанаев атындағы негізгі орта мектебі биылғы оқу жылын ерекше жетістіктермен бастады. Бұл жетістіктер мектебіміздің мерейін көтеріп, педагогикалық ұжымға тың серпім берді.

Қазан айында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың "Менің шағын Отаным" VIII республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық, облыстық кезеңінде мектебіміздің 9 сынып оқушысы Жұмаберген Балауса және жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Тулебаева Назерке топ жарып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын.

Астана төрінде өткен "Менің шағын Отаным" республикалық интеллектуалдық конкурсының "Менің өлкемнің символдары" бағыты бойынша ІІІ-орынды иеленіп, мектебіміздің, ауданымыздың ғана емес, облысымыздың мерейін үстем етті.

Екі кезеңнен тұратын интеллектуалдық конкурста оқушымыз Жұмаберген Балауса "Қазақстан тарихы" пәні бойынша өз елінің тарихын жетік білетінін көрсетсе , екінші кезеңде өз ауылының символдарын жоғары деңгейде таныта білді. Бұл пән мұғалімі Н.Тулебаеваның кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.

Құрметті Назерке Бахтиярқызы! Сізді ұстаздық жолындағы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге толағай табыстар тілейміз.

Ізгі ниетпен: Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің ұжымы

https://www.facebook.com/share/r/1CLNAdifwL/