НАУРЫЗ-ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ МЕРЕКЕСІ
Түркістан облысы отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың мерекесі» тақырыбында мәнерлеп оқу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу, Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру, сондай-ақ көркем сөз оқу арқылы оқушылардың тіл байлығын, сахналық мәдениетін дамыту болды.
Шара барысында оқушылар қазақ ақын-жазушыларының Наурыз, көктем, жаңару тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқыды. Әрбір қатысушы өз өнерін ерекше жеткізіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Оқушылардың дауыс ырғағы, сөз саптауы, сахнада өзін ұстауы әділқазылар тарапынан бағаланды.
Іс-шара барысында Наурыздың ерекшеліктері, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы қысқаша мағлұматтар беріліп, тәрбиелік мәні зор ойлар айтылды. Қатысушылар белсенділік танытып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын көрсетті.





