Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Өрт қауіпсіздігінің алдын алуда қауіпсіздік ережелері туралы ескерту

Өрт қауіпсіздігінің алдын алуда қауіпсіздік ережелері туралы ескерту!*

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Құрметті мектеп ұжымы,оқушылар,ата-аналар назарына ұсынамыз.

Жылыту маусымының басталуына орай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелерде басты назарға алыңыз:

Құрметті азаматтар!

Сіздердің өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңыз – басты байлығымыз. Өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында төмендегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтауларыңызды сұраймыз:

*1. Оттан сақтану:*

- Электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз.

- Газ плитасын қолданғаннан кейін өшіріңіз.

- Балаларға отпен ойнауға тыйым салыңыз.

- Үйде сіріңке, оттықты балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.

*2. Газдан уланбау үшін:*

- Газ құрылғыларын тек мамандар орнатқанына көз жеткізіңіз.

- Газ иісін сезсеңіз, дереу терезе ашып, газ көзін өшіріңіз.

- Газды пайдаланғанда желдеткіштің жұмысын тексеріп отырыңыз.

- Үйіңізде газ анықтайтын дабылқаққыш (сигнализация) орнатыңыз.

*Есте сақтаңыз:*

Қауіп – аяқ астынан келеді. Сондықтан әрқашан сақ болыңыз! Төтенше жағдайлар орын алған жағдайда 101 және 112 номеріне хабарласыңыз.Өз өміріңіз өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз.

Адам өмірінің қауіпсіздігі бәрінен қымбат.

Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң есте сақтайық!

https://www.facebook.com/share/v/17vEJVA9SP/