7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Салауатты өмір салты
табысты болашақтың негізі» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында
салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, денсаулық сақтаудың профилактикалық бағытын нығайту, сондай-ақ мектеп оқушыларының физикалық және психикалық денсаулықты сақтаудың маңызы туралы хабардарлығын арттыру.
Сынып сағат барысында оқушылар «Денсаулық деген не?», «Салауатты өмір салты» тақырыптарында өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, түрлі сұрақ-жауаптар, ойындар және жағдаяттық тапсырмалар орындалды. Оқушылар зиянды әдеттердің адам ағзасына тигізер кері әсері туралы да мәлімет алды.
Іс-шара соңында оқушылар денсаулықты сақтау әр адамның өз қолында екенін түсініп, пайдалы әдеттерді күнделікті өмірде қолдануға уәде берді.
Өткізілген сынып сағаты оқушылардың денсаулық туралы білімін арттырып, олардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті.





