Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Шын жүректен кітап сыйла

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп тәлімгері Г.Абилдаеваның ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі ұйымдастырылды.

Мақсаты: білім алушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және кітап сыйлау мәдениетін қалыптастыру .

Аталған челлендж Халықаралық кітап сыйлау күні аясында өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар бір-біріне және мектеп кітапханасына көркем әдебиеттер сыйға тартты. Сонымен қатар, оқушылар өздері оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, кітаптың адам өміріндегі маңызы жөнінде пікір алмасты.

Челлендждің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және ізгілік пен жанашырлық қасиеттерін дамыту.

Іс-шараға сынып жетекшілері мен кітапханашы қатысып, белсенділік танытқан оқушыларға алғыс білдірілді. Нәтижесінде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы артып, мектеп кітапханасының қоры жаңа кітаптармен толықты.

Челлендж тәрбиелік мәні зор, мазмұнды әрі пайдалы шара ретінде жоғары деңгейде өткізілді.

https://www.facebook.com/share/p/1BxSbkhUL1/